Аграрлық саланың әлеуетін пайдалана алмай отырмыз

Еліміз аграрлық саладағы әлеуетін өз деңгейінде қолдана алмай келеді. Бұл туралы Сенатта өткен Үкімет сағатында депутат Арман Өтеғұлов мәлімдеді.

Оның айтуынша ғылыми-зерттеу нәтижелерін өндіріске енгізу бүгінде небәрі 8%.

Бүгінде табиғаты қатал, жері құнарсыз болса да, бір жылдың ішінде бір жерден 2-3 рет өнім алып жатқан мемлекеттер бар. Оның негізгі себебі – сол елдерде агроғылым жолға қойылып, білікті мамандар еңбек етеді. Қазақстанның еңбекқор халқы, кең-байтақ жері, құнарлы топырағы бар, яғни ауыл шаруашылығын экономиканың драйверіне айналдыруға барлық мүмкіндігіміз бар, – деді депутат.

Осы тұрғыда аграрлық өндіріс салалары мен осы бағытта жүргізілетін ғылыми-зерттеу инновацияларының өзара байланысын арттыру маңызды екенін алға тартты.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін аграрлық сала реформаларының нәтиже бермегені туралы хабарлағанбыз.