ШҚО-да «Шығыс Салбұрыны-2023» фестивалі өтіп жатыр
Шығыс Қазақстанда «Шығыс Салбұрыны-2023» фестивалі өтіп жатыр. Халықаралық сайысқа 100-ден аса құсбегі жиналды.
Сонымен қатар тазы жүгіртіп, асау үйрететін жігіттердің де шеберлігі сыналуда. Бозанбай ауылындағы сәні мен салтанаты келіскен бұл іс-шараны тамашалауға 400-ден аса турист жиналды.
Эльмира Ахметова, тілші:
- Біз қазір мінеки Ұлан ауданы Бозанбай ауылы маңындағы Бүркіттөбеде тұрмыз. Дәл осы жақта алдағы екі күн бойы аң аулап, асау үйрету, тазы жүгіртіп сұңқар салудан сайыс өтеді. Шығыс Салбұурын фестивальі өлкеде осымен үшінші рет дүбірлеп өтіп жатыр.
Әу баста фестиваль тек облыстық деңгейде өтіп келді. Биыл аймақ әкімдігінің қолдауымен шет елден құсбегілер мен саятшылар шақыртылды.
Ермек Көшербаев, облыс әкімі:
- Бұндай заттарды көрсетпегенді нені көрсетеміз, ол біріншіден екіншіден ең маңызды нәрсе көне заманнан келе жатқан қазақы салт дәстүріміз деп айтуға болады бұл қазақтың өмірі деп айту керек.
Қазақстан мен бес мемлекеттен 100 ден аса құсбегі қатысты. 40 бүркіт, 10 сұңқар 30 тазы әкелінді. Қонақтар арасында әйгілі бүркітшілер де болды.
Айшолпан Нұрғайып, бүркітші:
- Жоғары дейңгейе өтіп жатыр бұл мен үшін үлкен мақтантұарлық нәрсе,себебі біздің қазақтың салт дәстүрі осылай дәріптеліп, дамытып жатқамызыға өте қуаныштымыз.
Қатысушылар қыран құсты қолға шақыру, еркін ұшыру, бүркітті шырғаға, қоянға, түлкіге салу сынды талаптарды орындады. Алдағы жылы фестиваль ауқымы бұдан да кеңейді.
Авторлары: Эльмира Ахметова, Жігер Бабаханов