Таразда ауыл шаруашылығы қызметкерлері марапатталды
Таразда ауыл шаруашылығы қызметкерлерінің мерекесіне орай 27 сала маманы марапатталды.
Ауқымды іс-шара аясында жәрмеңке ұйымдастырылып, онда 10 ауданның тауар өндірушілері өз өнімін ұсынды.
Жамбыл облысында биыл құны 500 миллиард теңге болатын ауылшаруашылық тауарлары өндірілді. Мұндай жетістікке жетуде алқап басында жүріп, ауылда тауар шығарған ағайынның еңгебі ерен. Сонымен қоса мемлекеттен дер кезінде көрсетілген қолдаудың да маңызы жоғары.
Ербол Қарашөкеев, Жамбыл облысының әкімі:
- Агрокешенді дамытуға 81 миллиард теңге бөлініп 10 мыңнан аса шаруаға қолдау көрсетілді. Ішінде субсидиясы бар, Ауыл аманаты бағдарлармасы. Төтенше жағдайға 3,6 миллиард теңге бөлінді.
Салатанатты шарада салада аянбай тер төккен қызметкерлердің еңбегі еленді. Бірқатары салалық министрліктің «Еңбек ардагері», «Ауыл шаруашылығы саласының үздігі» төс белгілерін тағынса. Қалғаны «Облысқа сіңірген еңбегі үшін» белгісі мен Құрмет және Алғыс хаттарымен марапатталды.
Нұрби Жігітеков, облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы:
- Нарықтық бағадан 15-20 пайызға төмен. Жалпы алып келген өнім 55 миллионға. Жалпы алып келгені 86 тоннадай.
Ауыл дәмін сағынған қала тұрғындарына 50 ден аса кәсіпкер өнімдерін ұсынды. Жәрмеңкемен қатар орталық алаңда ұлттық спорттың 7 түрінен жарыстар мен қолөнер шеберлерінің көрмесі ұйымдастырылды. Жиын соңы облыстық көркемөнерпаздардың қатысуымен мерекелік концертке ұласты. Авторлары: Мерей Бает, Бақытжан Бапаев