ҚР ІІМ ведомстволық газеттеріне 90 жыл

Ішкі істер органдарының жұмысын, қоғам мен полицияның байланысын оқырманға жеткізіп келе жатқан "Saqshy" және "На страже" газеттерінің 90 жылдық мерейтойы атап өтілді.

Қиындығы мен қызығы қатар жүретін полиция қызметі туралы сыр шертетін басылымдардың редакциясын Ішкі істер министрі Ержан Сәденов құттықтады. Салтанатты іс-шараға ардагер-журналистер, өңірлік полиция және қылмыстық-атқару жүйесі департаменттерінің, ведомстволық оқу орындарының және Ұлттық ұланның өңірлік қолбасшылықтарының баспасөз хатшылары қатысты. Ең белсенді баспасөз қызметтері "Қанатты қалам" номинациясымен марапатталды.

Ержан Сәденов, ҚР Ішкі істер министрі:

- "Saqshy"  және "На страже" газеттерінің 90 жылдығы құтты болсын. Сіздер арқылы азаматтарымыз еліміздегі болып жатқан құқық бұзушылықтың алдын алу бағытындағы жұмыстардан хабардар болды.