Ішкі істер министрлігі зорлық-зомбылыққа қарсы акцияны бастады
Ішкі істер министрлігі 25 қараша күні «Зорлық-зомбылыққа қарсы белсенділіктің 16 күні» атты акция бастады.
Аталған ведомство қызметкерлері мүдделі мемлекеттік органдардың, үкіметтік емес және халықаралық ұйымдардың өкілдерін, сондай-ақ жұртшылықты тарта отырып, 10 желтоқсанға дейін бірнеше шара өткізеді. Жалпы қазір қоғамда зорлық-зомбылық көбейген. Министрліктің мәліметі бойынша биылғы 10 айда ішкі істер органдарына 82 мыңға жуық арыз-шағым түсті. Оның 60 мыңына қатысты әкімшілік іс қозғалды. Бұл дерек былтырғы кезеңмен салыстырғанда 20 пайызға көп. Атап өтейік, зорлық-зомбылыққа қарсы 102 жедел арнасы үнемі жұмыс істейді. Одан бөлек тақауда 111 сенім телефон нөмірі іске қосылды.
Ақмарал Серікбаева, ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы:
- Бірінші басталған күннен бастап барлық өңірде 50-ден астам пресс-конференция өткізілді осы акцияның басталғаны туралы халықты ақпараттандыру үшін. Ішкі істер органдарының қызметкерлері жаңа айтылып барлық мүдделі органдармен бірлесіп, әсіресе халық көп жиналатын жерлерде ақпараттандыру жұмысын жүргізіп жатыр. Бүгінгі таңда еліміз бойынша осы үш күнде 70-тен астам іс-шара жүргізілді.