Қызылорда облысында қызылша өршіп барады
Жыл басынан бері 1133 адам ауру жұқтырған.
Басым бөлігі 14 жасқа дейінгі бала. Мамандар қызылша мен қызамықтың белең алуы, ұжымдық иммунитет қалыптаспауының салдары дейді. Өйткені жұртшылық екпе алуға немқұрайлы қарайды. Иммундау шарасы кезінде небәрі 5 мың тұрғын вакцина алған.
Айман Жанахаева, облыстық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің бас маманы:
- Барша ата-аналардың назарына салғымыз келеді қазір кез келген емханада екпені алуға болады. Уақыт ұттырмай, бала өмірін қатерге тікпей екпені алуға кеңес береміз. Қазір енді күз, қыс мезгілінің жақындаған кезі тұмау, ЖРВ инфекцияларының эпидемиологиялық маусымы болғандықтан балаларды көпшілік жиналатын орындарға мейілінше апармауға кеңес береміз.