Құмар ойынға құмартқандарға армияда орын жоқ
Бас әскери прокуратура құмар ойынға қатысты нақты тыйым шараларын енгізді.
Яғни әскери қызметшінің құмар ойын орталықтарына баруына болмайды. Егер офицерлер тарапынан әдеп ережесін бұзу дерегі анықталса, қызметтік тексеріс жүргізіліп, тәртіптік жазаға тартылады. Тәртіпсіздікті анықтау үшін прокуратура құзырлы органдармен жұмыс істейді. Сондай-ақ құмар ойын ұйымдарымен тығыз байланыс орнатқан.
Айдын Ғазез, бас әскери прокуратура басқарма бастығының орынбасары:
- Бізде қазір Бас әскери прокуратура, яғни әскери қызметшілерге келетін болсақ, «Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» заңда нақты шектеу қойылған. Ол құмар ойындарға қатысуға тыйым салынады. Айтылған заңның 26-бабына сәйкес, теріс қылық болып табылады да ол әскери құмар ойындарға қатысатын болса, қызметтен шығарылады.