Нашақорлықпен күрестің тың тәсілі
Нашақорлықпен күресудің тың тәсілдерін ұсынатын «Аманат тэч» хака-тонының жеңімпазы анықталды.
Топтық жұмыста "Futurista" командасы жеңіске жетіп, 1 миллион 400 мың теңге көлемінде сыйақы иеленді.
Олар есірткіге тәуелді адамдарды оңалтуға арналған арнайы қосымша әзірлеген. Айта кету керек, шара «Жастар рухы» жастар қанаты және «Астана хаб» технопаркімен бірлесіп ұйымдастырылды.
Хакатонға 16 мен 35 жас аралығындағы 80-нен астам азамат қатысты. Олар есірткіге қарсы ІТ-стартап жобаларын көпшілік назарына ұсынған болатын.
Ұлжан Хамидолла, "Futurista" командасының мүшесі:
- Әзірге біз оны плэймаркетке жүктеген жоқпыз. Біз қосымшаның өзін дайындап қойдық. Сонымен қатар, болашақта әрине оны плэймаркетке және басқа да маркет пэйстарға жүктеуді ойлаймыз. Біздің мақсатымыз, яғни біз аудиториямыздан бастасақ ол 17-35 жас аралығындағы бұрында есірткі заттарымен айналысқан адамдар.