Қарағанды облысында үздік тәжірибе орталығы ашылды
Қарағанды облысында алғаш рет үздік тәжірибе орталығы ашылды.
Онда қаланың барлық медициналық персоналдары білімін жетілдіретін болады. Орталық -халыққа сапалы медициналық, психологиялық және әлеуметтік қызметтер көрсетіп, отбасылық дәрігер прнципі негізінде жұмыс істейді. Яғни мамандар отбасы мүшелерінің денсаулығын жіті қадағалап, жас ерекшеліктеріне сай профилактикалық шаралар өткізеді. Ақ халаттылардың пікірінше бұл принцип алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсету сапасын арттырып, пациенттердің шағымын азайтуға күш салу. Сондай-ақ мұнда қоғамдық қабылдау ашу жоспары бар. Онда әркім өз ұсынысын қалдыратын болады.
Төлебай Рахыпбеков, "Primary Healtn Care" ұлттық қауымдастығының президенті:
- Отбасылық дәрігердің жанында әлеуметтік қызметкер, психолог, 3 медбике бар. Соның ішінде жүкті әйелдермен 5 жасқа дейінгі балаларды қарайтын жүйесі бар. Созылмалы ауруы бар болса, гипертония, қант диабеті солармен де істейді. Бір жыл ішінде көрсетып жатқан нәтижелері керемет.