Жемқорлыққа қарсы инновациялық шешімдер
Бүгін Қарағандыда «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы инновациялық шешімдер» республикалық байқауы өз мәресіне жетті.
Оған елдің әр өңірінен 120-дан астам жұмыс келіп түскен. Жобалар - қоғамдық бақылау, сыбайлас жемқорлыққа қарсы білім беру және зерттеу сынды бағыттар негізінде жүргізілді. Қыркүйек айынан басталған байқау жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға бағытталған. Ал үздік жобалар тәжірибе жүзінде жемқорлыққа қарсы органдарда және жергілікті атқару қызметінде пилоттық жоба ретінде қолданылмақ. Мамандар көптің ішінен үздік 4 жұмысты іріктеп алған.
Саян Ахметжанов, ҚР СЖҚІҚА превенция басшысы:
- 120 дан астам жоба енгізілді. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру , ағарту мәселелері. Жастардың да, азаматтық қоғамның өз пікірлері осы саясатқа ат салысу мәселесімен сондай бір үлкен, жақсы , көрнекті бір шара болып отыр.