Кәсіптік білім беру – заман талабы
Биыл Қызылорда облысында білім беру жүйесінде мемлекеттік тапсырыс көлемі ұлғайды.
Кәсіпорындардың сұранысы бойынша еңбек нарығына қажетті маман даярлау тетігі енгізілді. Тегін білім алған түлек бірден жұмысқа орналасады. Осыдан кейін, өңірде техникалық және кәсіптік білім алуға ынталы жас көбейді. Одан бөлек, биылғы оқу жылынан бастап, шәкіртақы 50 пайызға өсті.
Облыс колледждерінде оқитын 12 жарым мыңнан астам студенттің 80 пайызының шәкірақысы өсті. Мемлекеттік тапсырыс көлемі де ұлғая береді.
Асқарбек Есжанов, облыстық білім басқармасының басшысы:
- 2020 жылға дейін шәкіртақы көлемі 18 мың тг болып келді. 2021-2022 жылға дейін 28323 тг болса, биылғы жаңа оқу жылынан бастап 42485 тг ұлғайып отыр. Жалпы бұл жұмыстар мемлекет басшысының тапсырмасын орындауға және кадр даярлаудың сапасын арттыруға бағытталып отыр. Алдағы жоспардың бірі еңбек нарығында сұранысқа ие жаңа мамандықтар мен құзыреттіліктер атласын әзірлеу.
Мәншүк Мәметова атындағы Қызылорда жоғары колледжінің студенті Диана Нұрхан шәкіртақының өскеніне қуанып қалдық дейді. Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімінің мамандығына оқып жүрген ол диплом қорғауға қажетті оқулықтар мен көрнекі құралдарды сатып алу жеңілдегенін айтады.
Диана Нұрхан, колледж оқушысы:
- Барлық сабағы 5 студенттер жоғары стипендия алады. Ол 43400 тг құрайды. Жалпы шәкіртақы студенттерге білімді ары қарай жалғастыруға, түрлі оқулықтар алуға, өз қажеттіліктерін қамтамасыз етеді. Яғни ата-анасы көмек береді. Бірақ та стипендия алу ол студенттің мүмкіндіктерін арттырады. Болашақ жастардың қолында болғандықтан әрқашан студенттер білімпаз болуып, дамуы үшін мемлекет түрлі мүмкіндіктер ұсынып жатыр.
Колледжде ақылы негізде оқитын студенттердің де стипендия алуға мүмкіндігі бар. Дарындыларға Кеңес одағының батыры Мәншүк Мәмбетова атындағы стипендия тағайындалған.
Жақсыгүл Тоғанова, М. Мәметова атындағы Қызылорда педагогикалық жоғары колледж директоры:
- Ол кәдімгі үкіметтің белгіленген шәкіртақысымен теңестірілген. Осындай мүмкіндіктерді колледж күн тәртібінде, оқу-тәрбие үдерісінде үнемі қарап тұрамыз. Ақылы негізде оқитын балаларға үздікпен оқитын, әлеуметтік жағдайы төмен отбасынан шыққан балаларға колледж мүмкіндіктері бар. Яғни оқу ақысына 50%, 70%, 30% жеңілдіктер қарастырамыз.
Бекзат Махамбет, колледж оқушысы:
- Арнайы құжаттарды өткізіп өзінің әлеуметтік жағдайын дәлелдей алған студенттерге 51 мың тг астам стипендия береді. Стипендиядан бөлек ыстық тамақ және жолақы бөлінеді. Жолақы әр семестр сайын түсіп отырады, ал ыстық тамаққа беретін ақы ай сайын түседі. Осы арқылы студенттер стипендиясын толықтырып отырады. Мен мысалға Шиелі ауданы тумасы болғандықтан колледжге қатынап оқимын. Стипендия үлкен көмегін тигізеді.
Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес кәсіптік колледж студенттерінің шәкіртақысы келесі жылы 100%-ке өседі.
Авторлары: Қамбар Бекенов, Ақан Әлиев, Айтмұхамбет Бәйділдаев