Атырау облысында ауыл жолдары жаңартылып жатыр
Атырау облысы, Исатай ауданындағы ауыл жолдары «Атырау-Астрахань» көлік магистраліне қосыла бастады.
Бұл жағдайды едәуір жеңілдетті. Одан бөлек, жол бойында бизнес нысандарын ашып, сервис сапасын арттыруға болады. Аудандық маңыздағы 137 шақырым автокөлік жолы болса, оның 80 шақырымнан астамы жаңартылып, пайдалануға беріле бастады. Алты округте автокөлік және жаяу жүргіншілер жолының құрылысы жақында бітеді. Құны 6 млрд 925 млн болатын жоба аяқталғанда тұрғындар халықаралық маңызы бар күре жолға тікелей шығуға мүмкіндік алады.
Ерболат Мақашев, Исатай аудандық ТҮКШ және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы:
- Атап айтқанда, Қамысқала. Тұщықұдық, Аққыстау, Жанбай, Зинеден және Исатай ауылдық округтері бойынша 2020 жылы басталған болатын. 2024 жылы толық аяқталады. Аудан бойынша барлық ауылдық округтер Атырау-Астрахан тас жолына кірме жолдар арқылы қосылатын болады.