Алматы облысындағы Гүлдер ықшам ауданының тұрғындары бағдаршам орната алмай жүр

Ал Алматы облысына қарасты Гүлдер ықшам ауданының тұрғындары 5 жылдан бері облыстық маңызы бар жолмен қиылысатын көшеге бағдаршам орната алмай әуре.

«Оқушылар мектепке бару үшін көлік нөпірі қалың көшені қиып өтеді», - дейді балалардың қауіпсіздігіне алаңдаған тұрғындар. Ықшам аудан Талғар мен Іле аудандарының шекарасында орналасқан.

Облыстық маңызы бар бұл автожол Қуат, Жаңа Қуат, Қызыл Ту елдімекендерін басып өтеді. Күре жолдың бойымен көліктер күні-түні үзілмейді. «Гүлдер» ықшамауданы маңында жаяу жүргіншілер жолағы жасалған. Алайда, оны көбісі ескермейді. Ауыр техникалар, жеңіл көліктер жоғары жылдамдықпен жүретіндіктен, жолды кесіп өту қауіпті, - дейді тұрғындар. 

Күләнда Батырбекова, Талғар ауданының тұрғыны:

- Осы жағдайдың бәрін айтып келе жатқанымызға 7-8 жыл болды көтеріп келе жатқанымызға. Өйткені ең бірінші 000824 балалардың қауіпсіздігін ойлап, осы арада біз шырылдап түгел инстанцияға бардым. Бар жерге жаздық хатты.

Тұрғындардың қолында облыстық Полиция департаментінің берген ұсыныс хаты бар. Әкімшілік полиция басқармасының қызметкерлері жол қиылысындағы көлік пен жаяу жүргіншілер нөпіріне тексеру жүргізіп,  бұл учаскеге бағдаршам орнату қажет деп тапқан. Бірақ, ықшамаудан Талғар мен Іле аудандарының шекарасында орналасқандықтан, екі әкімдік бір-біріне сілтеумен, істі сөзбұйдаға салып келген.

Күләнда Батырбекова, тұрғын:

- Мектеп тұрған жер Жаңа Қуатқа қосылады деді. Сонымен қазір 4 жыл болды, әлі границасы очерчивание болу керек дейді, соған енді, білмей отырмыз, қай уақытта ол очерченный болады, сол кезде ғана біз генпланға кіргіземіз, сол кезде ғана тротуар жасаймыз, генплан жасаймыз деп уәж айтып отыр.

Марат Жапаров, Талғар аудандық қоғамдық кеңесінің мүшесі:

- Өте қауіпті жер. Мына жерде жыл сайын авариялар болады. 000618 Жазда сөз болған ол кезде біз әкіммен кездескенбіз, Таңат Ескелдиевичпен,  сол кезде әкім біздің көзімізше звондайды, әкім Илиский ауданға, Іле ауданының әкімі мынаны, ноябрьге шейін қойып беремін светофорды деп сөз берді ол кісі.

Әзірге сөз бен істің арасы алшақ болып тұр. Күндіз жолды кесіп өту оңай-ау, ал ерте қас қараятын қыс мезгілінде оқушылар жолдан қалай өтпек?

Жалғас Сүлейменов, Іле ауданы жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары мм басшысы:

- Келесі жылы бюджеттік өтінімге қосылып, келесі жылы жасап беретініміз туралы келісілді. Себебі, қазіргі уақытта жылдың соңы бюджет қаражаты бөлінген уақытта да қазір, мемлекеттік сатып алу конкурстары бар. Оның бәріне үлгермейтін болғандықтан, келесі жылы жоспарлап, бюджетті нақтылау кезінде өтінім беріп, жылдың бірінші жылдығында қойып береміз деп халыққа түсіндіріп айттық.

Мектепке апаратын Әубәкіров көшесіне қарсы келе жатқан екі көлік әрең сияды. Ал жаяу жүргіншілер үшін тротуар мүлде жоқ. Тұрғындар бұл мәселе де шешімін табады деген үмітте. 

Авторлары: Гүлжан Көленқызы, Радик Жакупов