Ақтөбеде жаңа театр салынады
Өңірге сапары кезінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Тахауи Ахтанов атындағы драма театрға барып, өнер ордасының тозып тұрғанын айтты.
Президент жұртшылықпен әңгімелесу барысында елде заң үстемдігін сақтау және ұрпақ тәрбиесіне баса мән беру керектігін де атап өтті. «Мен қай жерге барсам да заңның үстемдігі туралы айтып жүрмін. Бұл – өте маңызды. Олай болмаса, табысты мемлекет құра алмаймыз. Жастармен кездескен сайын оларды еңбекқор, тәртіпті болуға шақырамын. Жастарды тәрбиелеуге ерекше көңіл бөлуіміз керек», – деді Мемлекет басшысы.