Петицияларға арналған жаңа платформа әзірленеді
Тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қатысты 150 мың қол жинаған петиция жарамсыз.
Өйткені өтініш ескі платформада жасалған. Бұл туралы Әділет министрі Азамат Есқараев Мәжіліcте айтты. Оның сөзінше, қазақстандықтар белсенді қол қойып жатқан онлайн петиция соңғы қабылданған заң талаптарына сай келмейді. Ал жаңасы әлі әзірленіп жатыр. Е-петиция платформасы іске қосылғанда тұрғындардың қайта өтініш беріп, қол жинауға мүмкіндігі болады. Бұған дейін Мемлекет басшысы "Қоғамдық бақылау туралы" заңға қол қойды. Құжатқа сәйкес өтініш Үкімет деңгейінде қаралуы үшін кемінде 50 мың қол жиналуы тиіс.
Азамат Есқараев, ҚР Әділет министрі:
- Ол 2021 жылғы петиция, ол ескі жаңа сәйкес жасалған петиция емес, сондықтан күші жоқ. Жаңа заң күшіне енді, сәйкес жаңа платформа дайындалып жатыр. Соны қолдана отырып, жаңа платформаға сәйкес петицияны жіберуге болады.