Қазақстанда адами капиталды дамыту қажет

Президент жанындағы Стратегиялық зерттеулер институтының басшысы Еркін Тукумов Гарвард университетінің түлектерімен кездесуінде осылай дейді.

Бүгінгі таңда елдегі ғылым мен білім беруді қаржыландыру жалпы ішкі өнімнің 1%-нан аспайды, ал дамыған елдерде бұл көрсеткіш 5%-ға жетеді. Осыған байланысты ғылыми-зерттеу институттарына маңызды рөл беріледі. Олар қарқынды дамудың негізгі бағыттаушыларына айналуы тиіс.

Қуаныш Ерғалиев, HARVARD University түлегі:

- Жоғары біліммен қамтуын қарайтын болсақ, бізде Қазақстан 62% көрсетіп жатыр. дамыған елдермен салыстырған кезде АҚШ болсын, мысалы Ресей, оларда 80-90 пайызға келеді. Бұл деген сөз бізде әлі де дамуға мүмкіншілік бар. Ғылымды қаржыландыру да үш есе өсті. Дамыған елдердің капиталында осы адами капиталдың дамуына үлес қосу үшін 1% болу керек. Ал бізде 0,12%.