Елімізде таксопарк жүргізушілерінің табысы өсті
11 айда оның көлемі 400 млрд теңгеден асты.
Бұл өткен жылғы көрсеткішпен салыстырғанда 1,5 есе көп. Ал такси ақысы бір жылда 11,3%-ға қымбаттады. Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, елдің 18 аймағында баға өсті. Тек Шығыс Қазақстанда ғана 6%-ке төмендеген. Бағаның ең көп өсімі Алматы, Абай және Ақтөбе облыстарында тіркелді.