Мереке күндері қосымша вагондар жүреді

Мереке күндері қосымша вагондар жолға шығады.

Бұл туралы «Жолаушылар тасымалы» акционерлік қоғамының өкілдері хабарлады. Тәуелсіздік күні және Жаңа жылдық демалыс қарсаңында пойыз билеттеріне сұраныс көп. Сондықтан қазақстандықтар жиі жүретін бағыттар 8 рейспен толықты.

Нұрсұлтан Ибраев, «Жолаушылар тасымалы» АҚ баспасөз қызметінің өкілі:
- Астана-Шымкет, Астана-Алматы сынды танымал бағыттарда 8 қосымша рейс жүреді. Бұл 3-3,5 мың темір жол билеті. Сонымен қатар, Астана-Павлодар және кері бағытта эклектропойыздар шығады. Қосымша вагондарға қарамастан сұраныс өте жоғары. Билеттер 1-2 күнде сатылып кетеді.