Солтүстік Қазақстан облысында аяз күшейді
Бүгін таңертең сынап бағанасы -32 градусқа дейін төмендеді.
Синоптиктердің болжамынша, мұндай температура келесі аптаның басына дейін сақталады. Ауа райының қолайсыздығына байланысты оқушылар онлайн оқып жатыр. Полиция күшейтілген жұмыс режиміне көшіп, жолдарда күні-түні кезекшілік етуде. Ал төтенше жағдайлар қызметкерлері жедел әрекет ету штабын құрып, тұрғындарға ескерту хабарлама жолдады.
Евгений Журавлёв, облыстық ТЖД баспасөз хатшысы:
- Күннің суығына байланысты облыс бойынша 347 жылыту орны ұйымдастырылды. Олар негізінен жол бойындағы ауылдардың мектебінде орналасқан. Бүгін түнде жолда сынып қалған екі көліктің жолаушылары құтқарылды. Сондықтан жүргізушілерді сақ болуға шақырамыз.