Қазақстандық тәжірибеге шетелдіктер қызығып отыр
Қазақстанның сайлау өткізу үрдісіндегі цифрлық технологияларға шетелдіктер қызығып отыр.
Айталық, қазір елімізде дауыс беруші өзінің электронды құжатын ғана көрсете алады. Тағы Egov мобильді қосымшасынан өзінің сайлау учаскесінде оңай табу мүмкіндігіне ие. Орталық сайлау комиссиясының құрылғанына 30 жыл толуына орай бүгін Астанада шетелдіктермен тәжірибе алмасу шарасы ұйымдастырылды. Жиында саяси маңызды науқанды өткізудегі цифрландырудың тиімді тұстары жайлы мәлімет берілді. Қазақстанның бұл тәжірибесіне көптеген мемлекет қызығып отыр. Айталық, бүгінгі отырысқа ТМД елдерінен бөлек, Иордания, Эстония, Грузияның да орталық сайлау комиссиясының өкілдері қатысты.
Мейрамгүл Аитова, Алматы облысы аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы:
- Біздің аңғарғанымыз, байқағанымыз бұндай жағдай барлық елде бар деп айта алмаймын. Әлі де бұндай технологияларды қолданбайтын елдер бар екен. Бізден кішкене ілгері жүріп жатқандары да бар. Бірақ енді бәсекелестік емес, жалпы осы ақпарат аламсу, сайлаушылардың дауыс беру құқығын жүзеге асыру мақсатындағы жұмыстың тиімділігін арттыру, осы заманауи технологияларды пайдалана отырып, осы жұмысты одан әрі жақсарту керек деп ойлаймын.