Комиссия: Костенко шахтасындағы апатқа жұмыс беруші кінәлі

Костенко шахтасында болған апаттың себеп-салдарын тексерген үкіметтік комиссия жұмыс берушіні кінәлі деп тапты.

Зерттеу жүргізген мамандар төменгі төсемнен бөлінген газ соққы мен үйкелістен болған ұшқын салдарынан жарылды деп отыр. Одан бөлек комиссия өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарының өрескел бұзылғанын да анықтады. Атап айтқанда, жұмыс дұрыс ұйымдастырылмаған және қауіпті өндірістік факторларға қажетті бақылау болмаған. Қауіпсіздік шараларына салғырт қараған 19 жауапты тұлға анықталды. Еңбек заңнамасына сәйкес тергеу материалдары құқық қорғау органдарына берілді.