Алматыда Antikor қызметкерлері арасында спартакиада өтті
Бүгін Алматыдағы «Балуан Шолақ» спорт кешенінде Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігі Төрағасының кубогына арналған спартакиада өтті.
Спорттық шараға ел өңірлеріндегі Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті қызметкерлерінен құралған 14 команда және агенттіктің орталық командасы қатысты. 140 спортшы шағын футбол, арқан тартыс, валейбол, шахмат, үстел теннисі бойынша бақ сынады. Жалпыкомандалық есеп бойынша Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің командасы Кубок иегері атанды.
Асхат Жұмағали, ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы:
- Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі қызметкерлердің спорттық дайындығына, жауынгердік рухының мықты болуына ерекше көңіл бөледі. Осындай шараларды ұйымдастыру – ұжымның бірлігін нағайтады, нәтижелі жұмыс істеуге ықпал етеді.