Алдағы үш жылда 20 су қоймасы салынады

Елде алдағы үш жылда 20 су қоймасы салынады.

Тоғыз өңірдегі 15 су қоймасы күрделі жөндеуден өтеді. Су шаруашылығы инфрақұрылымын жаңғырту және басқару мәселелері Үкімет басшысы Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен жиында талқыланды. Кешенді жоспар жүзеге асса, елдегі егістіктердегі су шығыны 3 текше шақырымға азайып, 41 елді мекен ауызсумен қамтылады.