1673 ауылда интернет жоқ
Ал енді мақтана алмайтын тұсымыз ел ішінде интернет жетпей жатыр.
Ресми дерек бойынша 6 406 елді мекен бар. Оның 6 290-ы ауыл мәртебесіне ие. 6 406 елді мекен ішінде 116 қала мен 4 813 ауыл ADSL, FTTH, 3G, 4G технологиялары бойынша кең жолақты желіге қосылған. Ал 266,4 мың тұрғыны бар 1 673 ауылдық елді мекенде мобильді интернет атымен жоқ. Бастысы, енді осы ауылдардағы ағайынға интернет толыққанды жету керек. Тақауда Илон Маск Қазақстанның шалғайдағы ауылдарына интернет таратады деген хабар тарады. Отандық операторлардан шаршаған министріміз Бағдат Мусин Илон Маск басқаратын «Starlink» компаниясына өтініш жасаған.
Барлығы - 6406 елді мекен:
116 қала - интернетпен қамтылған;
4813 ауыл - интернет қамтылған;
1673 ауыл - интернет жоқ;
1673 ауылда 266,4 мың адам тұрады))
Лазизбек Құрбантаев, ҚР ЦДИАӨМ телекоммуникация комитеті төрағасының орынбасары:
- 2023 жылы Министрлік Республикалық Спутник байланыс орталығы АҚ бірлесіп 176 шалғайдағы ауыл Казсат спутниктік технологиялары бойынша интернетке қосылды. 2027 жылға қарай үй шаруашылықтарының 95% жоғары жылдамдықты интернетке қол жеткізеді деп күтіледі. Сонымен 2027-ші жылға қарай республикалық маңызы бар қалалардың 75% облыс орталықтарының 60% 5G технологияларымен қамтамасыз етіледі.