Елордада қайырымдылық концерті өтті
Бүгін елордада Шарапат әлеуметтік қызмет көрсету орталығында қайырымдылық концерті өтті.
Шара "Қарттарға қуаныш сыйла" республикалық акциясы аясында ұйымдастырылды. «Кештің мақсаты ұрпақтар арасындағы байланысты нығайтып, егде жастағы адамдардың шығармашылықпен айналысуына қолайлы жағдай жасау», - дейді іс-шараға жауаптылар.
Дарын Сағдолдин, "Мархаббат" қоғамдық бірлестігінің төрағасы:
- Қазақстан бойынша биыл біз 3000-ға жуық қарттарды қамтыдық. Осындай түрлі іс-шаралар. Бұл тек ғана концерт емес әрбір қарттарға барып қандай волонтерлық қызмет бар соны көрсеттік. Біз бұл қызметті мобильді қосымша арқылы біріктіріп. Қазақстан бойынша әрбір адам өзінің волонтерлық қызметін сол мобильді қосымша арқылы көрсете алады. Қай жерде қандай волонтерлар бар сонын көмегін ала алады.