Кардиохирургиядағы жаңа технологиялар

Кеудесіндегі жұмыр еті сыр берген жандар құлақ түріңіз.

Енді кеудені кеспей-ақ жүрек қақпақшасының стенозын емдеуге мүмкіндік бар. Бұрын мұндай дерт ашық операция арқылы емделетін. Алматы кардиохирургтары TAVI - деп аталатын жаңа инновациялық әдісті меңгерді. Бұл кеселден әдетте 70 жастан асқан қарт адамдар зардап шегеді. Аурудың нәтижесінде қолқа тарылады. Осылайша ағзадағы қалыпты қан айналымына кедергі келтіреді. TAVI процедурасы сан артериясына енгізілген катетер арқылы жүзеге асырылады. Ол жаңа жүрек қақпашасын қажетті жерге жеткізіп, зақымдалғанын ауыстырады. Енді дәстүрлі хирургиялық әдістерге қарсы  көрсетілімдері бар науқастар орталықта білікті көмек ала алады.

Оразбек Сахов, қалалық кардиологиялық орталықтың бөлім меңгерушісі:

- Бұл науқастардың тез қатарға оралуына көмектеседі. Бұл жерде біріншіден наркоз берілмейді. Науқас опреацияның барысында ояу жатады. Екіншіден, кеудесі кесілмейді, кеуде сүйегі. Тек қана тамыр арқылы енгзіледі. Және басқа да үлкен операцияға тән мысалы жасанды қан айналымы бұл жерде қолданылмайды. Осының барлығы науқастың қатарға тез оралуына көмектеседі.