Адам құқығы бірінші орында
Конституциялық Сот төрағасы бастаған қазақстандық делегация Женевада өтетін әлемдік шараға қатысады.
Жиын - адам құқықтарының жалпыға бірдей декларациясының 75 жылдығына арналған. Ол жерде ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың адам құқықтары саласы бойынша реформалары негізіндегі ұлттық міндеттемелеріміз таныстырылады. Бүгінде Қазақстанда заң үстемдігін қамтамасыз ету мақсатында бірқатар жұмыстар атқарылуда. Осы бағытта мемлекеттік орган мен азаматтық қоғам өкілдері бірлесіп қызмет етеді.
Ботагөз Жақселекова, ҚР Әділет вице-министрі:
- Бірінші кезекте заңдық нормалар, барлық процестер қоғам үшін түсінікті болуы шарт. Өткен жылдың өзінде адам құқықтарына қатысты 15 отырыс өткен. Ол жерде 35 өтініш қаралды. Қазіргі күні еліміз адам құқықтары саласы бойынша 70-тен астам халықаралық шарттың, одан бөлек БҰҰ-ның адам құқығын қорғауға бағытталған 8 конвенцияның қатысушысы.