«Астрахан-Маңғышлақ» магистральді су құбыры іске қосылды
Атырау облысында күрделі жөндеуден кейін «Астрахан-Маңғышлақ» магистральді су құбыры іске қосылды.
Премьер-Министр Әлихан Смайылов бейнебайланыс арқылы нысан жұмысын ресми бастап берді. Қайта жаңғыртылған магистральді құбыр Атырау және Маңғыстау облыстарының халқы мен ауыл шаруашылығы үшін қосымша 60 мың текше метр су береді. Ұзындығы 177 шақырым құбырдың екі учаскесі ауыстырылды. Енді «Астрахан-Маңғышлақ» су құбырының өткізу қабілеті тәулігіне 110-нан 170 мың текше метрге дейін артты.