Жылу орталықтарын жөндеуге жыл сайын 110 млрд теңге қажет

Жылу электр орталықтарының жыры бірер жылда бітпейді.

Энергетиктар осылай деп отыр. Себебі қажетті техникалық жабдықтар әбден тозған. Мысалы, Орал, Степногорск, Тараз, Кентау қалаларындағы қажетті жабдықтардың 80% - дан астамы ескірген. Елордада өткен қазақстандық электр энергетикасы қауымдастығы жиынында энергетиктер жыл сайын жөндеу жұмыстарының өзіне 110 миллиард теңге қаржы құю қажет екенін айтады. Саланы ақсатып тұрған тағы бір мәселе аталған  секторға төрт бірдей министрлік жетекшілік ететін көрінеді. Сарапшылар бірыңғай мемлекеттік реттеуші тағайындау қажет деп отыр. Ал тариф құнын баға халық табысын ескеру ұсынылды. Себебі отынның қымбаттауы бағаға айтарлықтай әсерін тигізген.

Талғат Темірханов, қазақстандық электр энергетикалық қауымдастығының төрағасы

- Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес инвестицияны тарифке айырбастау бағдарламасының аясында биыл тарифтерді қайта қарадық. Ол тарифтерді қайта қараған кезде біз біріншіден осы біздің мамандардың жалақысын көтеру мәселесін  көтердік және де мына көмір мәселесін, бізге көмірді беретін компаниялардың алдында қарызды өтеу. Осы екі сұрақ аясында біз тарифті көтердік. Кейбір өңірлерде кейбір компанияларда жалақының деңгейі 40 пайызға дейін көтеруге дейін мүмкіндік болды. Сондықтан бұл бірінші қадам болды.