Шығыстағы өзендерде мұз көбесін сөгу шаралары басталды
Ел шығысындағы өзендерде мұз көбесін сөгу шаралары басталды.
Өйткені қатты аяздан қатқан мұздың қозғалуы қиындап, қызылсудың жайылуына әкеп соғуы мүмкін. Осындай жағдайдың алдын алу мақсатында сірескен мұзды жарып, ұсақтаудың маңызы зор дейді мамандар. Құтқарушылар жарылыс жұмыстарын алдымен Таулы Үлбі кенті маңындағы өзенде жүргізді. Жалпы өлке су көзіне бай. Өңірде 900-ге жуық өзен ағады.Сондықтан, дәл қазір, әсіресе, ауыл аймақ жанынан өтетін ағыстарға жол ашып,кедергіден тазарту басты назарда болып отыр.
Дина Бексұлтанова, ШҚО ТЖД басқармасының бас маманы:
- Жергілікті билік өкілдерімен бірлесіп өзендерді бақылауды күшейттік. Мәселен, осы жолы Глубокое ауданында ауыл маңынан өтетін. Таулы Үлбіде жарылыс жұмыстарын жүргізіп, мұз көбесін ажыраттық. Нәтижесінде жалпы мың шаршы метр аумақты алып жатқан мұз ұсақталып, ағыс жолы тазартылды.