Күн суытса да, еріктілердің шайы суымайды

Аязды күні өзі тоңса да, жұртқа жәрдем қылсам деп жүрген жастар бар.

Еріктілер Астананың саршұнақ аязында да тыным таппайды.

Жай жүрген жоқ. Жұртқа ыстық шай мен бауырсақ таратты. Өздері бұл бастаманы «10 игі іс» деп атапты.

Үш күнгі аяз елді бір қуырып алды. Күннің көзі әлі ашылар емес. Осы аязды күндері жұмысбасты елден бөлек, көшеде жүргені – еріктілер ғана.

Бір топ жас көшедегі жұртқа ыстық шәй ұсынып, бауырсақ таратып жүр.

Айзат Әли, ерікті:

- Бұл акция қыс бойы жалғасатын болады. Тек қана ыстық шай тарату емес, қарттардың ауласын қардан тазартуға көмектесеміз. Үй шаруасына көмектесетін боламыз.

Еріктілердің бұл ісіне жұртта риза. Бойы жылыған үлкендер бата беріп, кішілері алғыс айтып жатыр.

БЛИЦ:

- Өте тамаша, мындай аяз күні халыққа шай беріп жатқандарыңызға, бауырсақ таратып өте жақсы жұмыс жасап жатсыздар.

- Осындай жастарымыз көбейіп, бақытқа кенеле берсін.

- Мына еріктілерге көп-көп рахмет.

Иә қыс қаһарын төгіп тұр. Алда да аяз болады. Сол себепті еріктілер өздерінің сүйікті ісін жалғастыруға бейіл. Егер ертең сізге де шәй мен бауырсақ ұсынса, таң қалмаңыз!

Қабиден Қуанышбай Диас Ковланбаев «24.KZ»