Кеншілерге 55 жастан бастап арнайы төлем төленеді

Бұл төлемді 33 мың кенші алады.

Сенат шахтерлерге арналған төлем мен қоғамдық бірлестіктерге қатысты заңды мақұлдады. Әлеуметтік төлем зейнеткерлік жасқа толғанға дейін іске асырылады. «Қоғамдық ұйымдар туралы» заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізу уақыт талабы. Сондықтан құжатқа азаматтардың қоғамдық құқығын одан әрі кеңейтіп, жаңа мүмкіндіктер беретін нормалар енгізіліп отыр. Бұл арқылы осындай ұйымдарды құруға қажет адамдардың саны 10-нан 3-ке дейін азаяды.