Шымкентте ерекше жәрмеңке өтті

Жарамсыз бұйымға жаңа өмір сыйла. Шымкентте ескі заттар жәрмеңкесі өтті.

Тұрғындар қажеттілігін жоғалтқанымен сапасы сақталған заттарды көрмедегі кез келген бұйымға айырбастай алады.

Ұйымдастырушылар бұл қала жұртын өз мүлкіне ұқыпты қарауға және экология талаптарын сақтауға үйретеді - дейді.

Ольга Крайчак қысқарған күртеше мен көйлекті жәрмеңкеге әкеліпті. Мұнда қабылданбайтын бұйым жоқ. Тек тапсыратын мүлкің таза әрі қолдануға жарайтын болса жеткілікті.

Ольга Крайчак, қала тұрғыны:

- Қызымның кішкентай кезінде киген күртешесін әкелдім. Қоқысқа тастауға қимаймын. Басқа біреуге қажет болатын шығар деп осында келдім. Киім-кешекті кітаптарға айырбастап алдық.

Қала тұрғындары мұнда ескі заттарын қалаған бұйымына айырбастай алады. Ұйымдастырушылардың пікірінше бұл заттарға жаңа өмір сыйлап қоймай, уақыт пен қаражатты үнемдеп, экология тұрғысынан зор пайдасын әкеледі.

Айсұлу Құнанбаева, ұйымдастырушы:

- Тұтынып жүрген бұйымдардың әрбір екіншісі бір жыл ішінде жарамсыз боп қалады. Қоқысқа тасталған зат босқа жұмсалған ақша. Бұл дұрыс емес.

Мұнда сынған қауырсын бұйымдар мен өзге де жарамсыз тұрмыстық заттарды қайта өңдеудің пайдасы туралы да айтылды. Бұған дейін тұрғындарға қоқысқа тасталатын қалдықтарды қатты және жұмсағына орай бөліп жинау туралы жиі насихатталатын. Бірақ бұны елеп жатқан ешкім жоқ. Контейнерлер толып тұр. Бұл мәселемен күресті жақында қаладағы мектеп гимназия оқушылары қолға алған. Олар араларында экология министрін сайлап, болашақта миллиондаған тонна қоқысты болдырмас үшін не істеу керектігін жақсы біледі.  

Нағима Жақыпбекова, техника ғылымының докторы, профессор:

- Қауырсынның өздігінен шіріп жойылмайтыны анық. Байқап қарасаңыз, қазір танымал дүкендер де қағаздан жасалған сөмкелерді қолданады. Сондықтан көпшілікке тасталған қоқысты төртке бөліп жинау керек деп айтпас бұрын, алдымен екіге, яғни тамақ қалдығы, қатты затқа бөлуді үйрету қажет.

Экологтар қоқыс мәселесі күн тәртібінен түспеуі керектігін айтады. Әсіресе қайта өңдейтін қабылдау орындарын ашу керек, дейді.

Әнуарбек Мырзатайұлы, Катерина Попкова, Самат Нағашбекұлы, Нұрмахан Бекмұратов, «24.KZ», Шымкент.