Көлік министрлігі жолға шықпауға кеңес берді

Ауа райының нашарлауына байланысты еліміздің бірқатар республикалық маңызы бар жолдарында көлік құралдарының қозғалысына шектеу енгізілді.

Солтүстік аймақтарда қатты аязға байланысты қоғамдық көлік пен дизельмен жүретіндердің қозғалысына шектеу қойылды. Түркістан облысында да ауа райының бұзылып, қатты жел тұруына байланысты жолдар жабылды.

Сәтжан Аблалиев, ҚР Көлік вице-министрі:

- Қазгидрометтің берген хабарламасына байланысты оны ескермей жолға шығып кеткен көліктер жолда қиындық туғызуда. Боран болған жерде ірі көліктердің тұрып қалуына байланысты ол жолдарда кептелістер пайда болуда. Сондықтан жол пайдаланушыларына, жүргізушілерге, жасалып жатқан хабарламаларды мұқият тыңдап, барынша осы күндері жолға шықпауды сұраймыз.