Отандық бизнесті дамытудағы дипломатияның рөлі

Шетелдік бизнесті Қазақстанға тарту. Елдің инвестициялық климаты мен әлеуетін жақсартуда дипломатиялық байланыстарды нығайту.

Астанада өткен Дипломатиялық бизнес клубтың отырысында осы мәселелер қаралды. Әлем елдерімен ынтымақтастықты арттыру, оның ішінде, шетелдік инвесторлар үшін Қазақстанда сенімді серіктестер табу жайы сөз болды. Клуб осы мақсатта алдағы жылы ел өңірлеріне іскерлік турлар, инвестициялық ахуал бойынша түрлі семинарлар өткізуді жоспарлап отыр.

Исламбек Салжанов, дипломатиялық бизнес клубтың тең төрағасы:

- Мемлекет басшысының саяси жүйені қайта жаңғырту және әлеуметтік-экономикалық жаңғырту бойынша жүргізген реформаларының арқасында Қазақстанда бизнесті жүргізу үшін тең мүмкіндіктер пайда болды. Қазақстан экономикасын нақты монополиясыздандыру жүріп жатыр. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті күшейту, заң үстемдігі мен әділ сот төрелігін орнату Қазақстанға шетелдік инвесторларды тарту үшін қолайлы жаңа мүмкіндіктер туғызады.