Шалғай ауылдар интернетпен қамтылады
Ақтөбе облысында шалғай елді мекендерге интернет желісі жетпей тұр.
Себебі байланыс операторлары тұрғын саны аз ауылдарға қызмет көрсетуді тиімсіз санайды. Ал өңірде тұрғын саны жүзге жетпейтін 30 шақты елді мекен бар. Бірақ жауапты басқарма өкілдері бұл мәселе шешусіз қалмайтынына сенімді. Келер жылға қажетті жоба дайындап, қаржы қарастыруды көздеп отыр. Ал бүгінгі күні облыс аумағындағы 315 ауылдың 236-сы интернетпен қамтылған. Нәтижесінде ғаламтор желісіне қол жеткізгендер көрсеткіші 92%-тен асты. Енді шалғайдағы елді мекендерге көңіл бөлінбек. Бұған дейін бекітілген жол картасы бойынша жергілікті әкімдіктер қажетті инфрақұрылымын жасақтайды, ал байланыс операторлары базалық станциясын орнатады.
Заманбек Жақсылық, облыстық цифрлық технологиялар басқармасының бөлім басшысы:
- Халық саны 100-ден төмен елді мекендер. Ол жерлерге байланыс операторлары, өкінішке қарай, бара алмайды. Себебі олар – приоритет халық саны. Ол жерлдерге біздер жоспарлап отырмыз, «общественный wi-fi» келесі жылға қарастырамыз. Яғни, халыққа тегін wi-fi таратуды. Мобильді операторлар бара алмағандықтан, біздер осындай балама жолдарды қарастырып отырық.