Мәулен Әшімбаев Тәуелсіздік күнімен құттықтады
Сенат Төрағасы Мәулен Әшімбаев қазақстандықтарды Тәуелсіздік күнімен құттықтады.
«Егемендік – біздің ең басты құндылығымыз. Тәуелсіздікке оңайлықпен қол жеткізбегеніміз анық. Сол себепті, бүгінгідей қастерлі мерекеде біз азаттық жолында басын бәйгеге тіккен арыстарымыз бен еркіндік үшін етігімен су кешкен аға буынның рухына тағзым етеміз. Олардың ғибратты ғұмыры мен еңселі елдікке бастаған батыл қадамдарын кеңінен дәріптейміз, - деп жазды Мәулен Әшімбаев. Сондай-ақ, ол әр шаңыраққа шаттық, елімізге амандық тіледі.