Жүргізушілерге талап күшейді

Қыстың көзі қырауда жүргізушіге талап күшейді.

Көше бойындағы камералар жаяу жүргіншіні өткізбейтін жүргізушілерді қалт жібермейді. Пилоттық жоба Алматыда іске қосылды. Полицейлер интеллектуалды жүйенің пайдалы боларына сенімді. Жалпы өткен 11 айда жол апатынан 556 жаяу жүргінші опат болған. Оның 478-і жаяу жүргіншілер жолағында болған оқиға.

Ақтоты Боранова, ҚР ІІ Әкімшілік полиция комитетінің ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы:

- Пилоттық жоба бүгін Алматыда бастау алады. Жобаның мақсаты жүргізушілердің көлік тәртібін нығайту. Тіркелген құқықбұзушылықтар айыппұл түрінде рәсімделіп, ол көлік құралының иесіне жіберіледі. Сонымен қатар аталған жүйе, алдыңғы орындықтағы жүргізушілер мен алдыңғы орындықтағы қауіпсіздік белдіктерін пайдалану қағидаларын бұзуды тіркейтін болады.