QR-код қызметке жарап тұр
Цифрлық технология адамның қолын ұзартты.
Қолға ақша ұстамайсыз, банкке жүгірмейсіз. Құжатты да үйде отырып алдырасыз. Мұның бәрі үйреншікті жайтқа айналды. Жаңағы айтқан ақшаның түсін де ұмыта бастадық. Бар мәселеңізді QR код шешіп береді. Тағы қандай пайдасы бар еді?
Қазір қолма - қол ақшаны шешіп алу бұрыңғыдай қиындық тудыратын мәселе емес, Ұялы телефоныңыздағы QR кодты банкоматта сканерлеп, ақшаңызды дереу шығарып ала аласыз. Бірақ бұл ақшаның маған керегі бар ма? Дүкенге кірсем де автобусқа мінсеңізде осы кюар код арқылы төлем жасаймын. Цифрлық технологияның пайдасы осы.
Бір ғана QR-кодтың көмегімен бірнеше қызметті жедел атқаруға болады. Мемлекеттік мекемелерден рұқсат алу керек болса, табылдырық тоздырудың қажеті жоқ. Бұрын айлап жүгіретін болсаңыз енді әп-сәтте қолыңызға тигізеді.
Айдын Кершин, Е-лицензиялау және ХҚКО ықпалдастырылған ақпараттық жүйесі департаментінің директоры:
- Еговты кюар код арқылы әртүрлі қызмет атқарады. Соның ішінде ең қолжетімді сұранысқа ие олар мынау пенсионный счеттағы выпискалар және нарко психо тубдиспансерден алатын справкалар және жаңа услугалардың бірі ол коррупционные нарушение деген қатты популярность алған түрі.
Соның ішінде қазір 120 қызмет енгізілді кюар подписание арқылы. Ол қызметтер өте сұранысқа ие. Егерде пайыздық мөлшермен алатын болсақ ол шамамен 10-20 процент. Өйткені халық өкінішке орай әлі күнге дейін ЭЦП ны қолданып келеді. Біз кюар подписаниені енгізу арқылы кәдімгі бұрыңғы ЭЦП дан өтіп кюар подписаниені жақсылап дамытуға талпынып отырмыз.
Egov сайты да қызметіңізге жарап тұр. Мұндағы ең үздік қызмет түрі медицина саласына тиесілі. Мұнан бөлек мемлекеттік қызмет көрсету бойынша сенімхат алу, көлікті тіркеу, ипотеканы рәсімдеу сынды қызметтер онлайн режимге ауысқан. Кассаға кезекке тұрмай ақ құжаттандыру қызметінің алымдарын да төлей аласыз.
Зарина Кәп, Мадияр Қындыбаев