Қонаевта ауруханада үздік тәжірибелік орталық ашылды
Қонаев қалалық көп салалы ауруханасында үздік тәжірибелік орталық ашылды.
Онда науқастар емдік, психологиялық және әлеуметтік көмекке жүгіне алады. Емделуге келгендер кезекте тұрмайды. Денсаулығына қатысты шағымдарын білікті медбикелерге айтып, тиісті сынамаларды тапсырады. Құжаттары да жылдам рәсімделеді. Жалпы, күн сайын емханада мыңға жуық адамға медициналық қызмет көрсетіледі. Жоба Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының үздік әдістемесі бойынша іске асырылды. Мұндағы әрбір маманның өзіне жүктелген функционалдық міндеті бар. Бүгінде осындай орталықтар республиканың 13 аймағында ашылған.
Төлебай Рахыпбеков, медицина ғылымдарының докторы:
«Қазақстанда ерлер әйелдерден 11 жыл кем өмір сүреді. Соған қарай жасын ұзартамыз деген үлкен жоба. Содан кейін Қазақстанда 45 мың инсульт болады жылына. Соның алдын алу керек».