Қостанайда екі бірдей шағын аудан жылусыз қалды

Жылу магистралінде құбыр жарылып, 70-тен астам үй орталық жылу жүйесінен ажыратылды.

Коммуналдық қызметтер құбырдағы зақымдарды жойып жатыр. Жергілікті билік өкілдерінің айтуынша, жағдай қысқа мерзімде қалпына келтіріледі. Себебі жөндеу бригадалары жақында болған үскірік аяздардан бірқатар учаскелереде қалпына келтіру жұмыстарын жүргізіп жатыр. Соның кесірінен үйлерге жылу мен ыстық су беруді уақытша шектеуге тура келді.    

Виктор Шмыглов, Қостанай жылу энергетикалық компаниясының директоры: 

- Кешкі сағат 17:00-ге дейін жөндеу жұмыстарын толық аяқтаймыз деп ойлаймын. Ендігі мәселе құбырларды толтыруға байланысты болмақ. Ол біртінден жүзеге асады. Себебі жылу желілеріне гидравликалық салмақ түсіруге болмайды.

Марат Жүндібаев, қала әкімі:

- Жылу желілерін қалпына келтіруге күш пен құралдар жеткілікті. Қыз мезгілінде мұндай жағдайлар болып тұрады. Жұмыс жоспарлы түрде жүргізіледі. Бір бірден үш үй ажыратылады. Тұрғындардың алаңдауына негіз жоқ - дегім келеді. Төтенше жағдайға жол берілмейді.