Қызылорда облысының денсаулық сақтау саласындағы заңсыздық
Қызылорда облысында есепте тұрған 21 мың адамға тегін дәрі-дәрмектер берілмеген.
Мысалы Қазалы аудандық ауруханасында 3 мыңдай тұрғын емдік препараттарға толық көлемде қол жеткізе алмады. Ал 400 адам мұндай мемлекеттік қолдаудан мүлде құр қалған. Медициналық ұйымдардағы заң бұзушылықтарды прокурорлар анықтады. Бұдан бөлек қазынадан мол қаржы алуды көздеген жеке клиника тұрғындармен санаспай, емханалық тіркеуге алып отырған. Осындай заң бұзушылыққа жол берген 242 тұлғаға қатысты тәртіптік және әкімшілік жазалар қолданады.
Әділжан Сыздықов, облыстық прокуратура басқармасы бастығының орынбасары:
- Ол азаматтар поликлинакаға тіркелгенін де білмейді. Мысалы сол жеке емханаға тіркелген жағдайда ол азаматтарға мемлекеттен 31 миллион теңге бөліну қажет еді. Сондықтан біз оны қалпына келтіргеннен кейін 31 миллион теңге бөлінетін ақшаны берілмей, негізсіз жұмсалуына жол берілген жоқ.