Қызылордада ерекше аялдама пайда болды

Қызылордада «Өрт сөндірушер» деп аталатын ерекше аялдама пайда болды.

Оның екі жағына өрт сөндіру құралының үлгісі қойылған. Алыстан менмұндалайды. Автобус күткен қала тұрғындары үшін арнайы жадынамалық тақта ілінген. Уақытын тиімді пайдаланып, оқыс жағдайлар кезінде қалай әрекет ету қажеттігі туралы ақпаратпен таныса алады. Сонымен қатар өрт сөндіруші мамандығына даярлайтын оқу орындары туралы мәліметтерге қанығуға болады. Мұндағы мақсат - жастардың төтенше жағдай қызметі саласына қызығушылығын арттыру. Құтқарушылар қолымен жасалған мұндай аялдама былтыр да қойылған еді. «Бұл аялдамаларды алдағы уақытта жөндеп, ақпараттық тақталарын жаңартып отырамыз», дейді мамандар.

Нұрбол Исанов, "Өрт сөндіру және авариялық-құтқару қызметі" ММ бастығының м. а.:

- Бұған дейін былтырғы жылдың аяғында Саламатов көшесінде орналасқан аялдамаға өрт сөндіру автокөлігінің кабинасын орнатып, өрт сөндірушілердің аялдамасын орнатқан болатынбыз. Бұл аялдаманы жасаудың мақсаты Қызылорда қаласының тұрғындары мен қонақтарына өрт қауіпсіздік талаптарын сақтауға, оның ішінде автобустың жүргізушілеріне өрт қауіпсіздік талаптарын сақтау бойынша үгіт-насихат жұмыстары жүргізілген.