Таразда мүгедек жандарға арналған электронды пандустар орнатылды
Таразда мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған электронды пандус орнатыла бастады.
Әзірге көп қабатты 5 үйдің кіреберісіне қойылды. Автоматты құрылғының оқыс жағдайда дабыл қағатын тетігі де бар. Пандустар орнатылмас бұрын бір жыл сынақтан өткізілді. Жергілікті билік өкілдері қауіпсіздігі талапқа сай, дейді. Жобаны іске асыруға қала бюджетінен 7 млн теңгеден астам қаржы жұмсалды. Алдағы уақытта басқа үйлерге де орнатылады. Мамандар пандус қызметіне мұқтаж адамдардың тізімін жасап жатыр.
Гүлмира Арқабаева, қала тұрғыны:
- Қиналып жүргенбіз түсіп шығудан. Жақында осы көтеретін сатыны қойып берді. Жағдайымызды жасап жатқандарына рақметімді айтамын.
Бақытжан Орынбековқала әкімі
- Келер жылы тағы осындай 5 пандус орнатуды жоспарлап отырмыз. Тек атап өтетін бір мәселе бар, бұл құрылғыларды кез келген үйге орната алмайсыз. Сондықтан біз пандустарды шығаратын өндірушілерге оның құрылымын ескі үйлерге де орнатуға болатындай етіп жасауға өтініш білдірдік. Ал жаңадан салынып жатқан үйлерге пандус орнату бастан жобаға енгізіледі.