Қазақ жауынгерлерінің сүйегі елге жеткізілді

Ұлы Отан соғысында қаза тапқан қазақстандық үш жауынгердің сүйегі арнайы бортпен Астанаға жеткізілді.

Силан Мәметов, Қадірбек Дәулетқұлов және Кисым Әдиевтің сүйегі Ресейден табылған болатын. Арнайы әуе бортын қарсы алу рәсімі Қарулы Күштердің Ұлттық әскери-патриоттық орталығында өтті. Шараға әскери қызметшілер мен ардагерлер, «Атамның аманаты» қоғамдық бірлестігінің және «Жас сарбаз» әскери-патриоттық қозғалысының тәрбиеленушілері мен қаза тапқандардың туыстары қатысты. 

Ернұр Нәметқұл, жауынгер Қ.Дәулетқұловтың туысы:
- Дәулетқұлов Қадірбек атамыздың туған ағасының шөбересі боп келемін. Ол кісі 1941 жылы соғысқа аттанған, өкінішке орай балалары болмаған. Ол үйленіп те үлгермеді. «Атамның аманаты» қоғамдық қорын естіп, олар хабарлады, табылды аталарыңыздың денесі деп. Оны біздің туған туыстарымыз бұрын да іздестірген. Осы жаңалықты естіп біз отбасымызбен бірге қуанып, біліп жатырмыз. Сол кісінің сүйегін алып кетуге өзім келіп отырмын.