Петропавлда жаңа емхана пайдалануға берілді
Емдеу мекемесі қала шетіндегі «Береке» ықшам ауданында бой көтерген.
Оның құрылысына облыстық бюджеттен 2,4 млрд теңге жұмсалды. Емхана бір мезетте 250 адамды қабылдайды. Кабинеттер соңғы үлгідегі заманауи құрал-жабдықтармен қамтылған. Сонымен қатар науқастар енді барлық медициналық талдауды ешқайда бармай-ақ осында тапсыра алады.
Жалпы «Ауылдың денсаулық сақтау саласын жаңғырту» ұлттық жобасы аясында аймақта 50-ге жуық емдеу мекемесі салынады деп жоспарланып отыр.
Нұржан Тағаниязов, денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары:
- 15 мыңға жуық халық медициналық көмек алады. Ол, біріншіден, жаңағы халыққа ыңғайлы. «Береке» ауданында бұған дейін мынандай жаңа емхана болмаған. Бұл деген жаңағы «шаговый доступность» дейді ғой. Адамға, науқасқа жаңағы медициналық көмекті жақындаттырады.