Ақтауда жылу жүйесі қалыпқа келтіріледі
Ақтаудағы жылу желілерін жөндеу жұмыстары аяқталып қалды.
Еске салайық, таңсәріден бері жергілікті халық әбігерге түсті. Қалада бірнеше тұрғын үй жылусыз және ыстық сусыз қалған. Жылу желілерінде шыққан ақау себеп. "Каспий жылу, су арнасы" мекемесі директорының орынбасары Ислям Үсеновтың айтуынша, түнде барлық тұрғын үйге жылу беріледі.
Ислям Үсенов, "Каспий жылу, су арнасы" МКК директорының орынбасары:
- Таңғы сағат жетіде қаладағы 16-шағын ауданында магистральді жылу желілерінде ақау шығу себіне байланыста 17,18, 18а, 20, 20а шағын аудандарының кейбір тұрғын үйлері жылусыз қалды. Қазіргі таңда жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.