Шекара қызметінің бұрынғы директоры сотталды

Қызмет бабын асыра пайдаланып, ірі көлемде пара алды деп айып тағылған Шекара қызметінің бұрынғы директоры Дархан Ділманов пен өзге де лауазымды қызметкерлерге қатысты сот үкімі шықты.

Алматы гарнизоны әскери сотының хабарлауынша, күдіктілер Қытайдан Қазақстанға жүктерді шекара бекеті арқылы ауыстырып тиеудің, заңсыз сызбасын қолданған. Дәл осы әдіс арқылы 1750 рейс жасалғаны белгілі болды.

Сот Дархан Ділмановқа 4 жылға бас бостандығынан айыру және мүлкін тәркілеу жазасын тағайындады.

Тағы бір қылмыскерге 1,2 млн теңге пара бергені үшін 38 млн теңге айыппұл салынды.

Ал қалғандарына мүлкі тәркіленбестен 3,5 жылдан 5,5 жылға дейін бас бостандығын шектеу жазалары тағайындалды.

Сотталғандар өмір бойы, мемлекеттік қызмет атқару құқығынан айырылды.