Прокурорлар жазғы лагерьлерден заңсыздықтарды анықтады
Батыс Қазақстан облысының прокурорлары жазғы демалыс лагерлеріндегі заңсыздықтарды анықтады.
Мәселен, «Достық» лагерінің ғимараты апатты жағдайда тұр. Мекеме санитарлық-эпидемиологиялық және өрт қауіпсіздігі талаптарын өрескел бұзып жұмыс істеген. 13 қызметкердің медициналық рұқсат құжаты болмаған. Ал Байтерек ауданындағы тәрбие орталығы директоры өз ұлын жұмысқа заңсыз орналастырғаны,сонымен бірге оған артығымен еңбекақы төленгені белгілі болды. Мекеме басшысы тәртіптік жауапқа тартылды.
Алмас Меңлібаев, Байтерек ауданының прокуроры:
«Лагерь директорының бюджет қаржысын жымқыру деректері расталды. Осыған қатысты Байтерек аудандық прокуратурасы ҚР Қылмыстық кодексінің 189-190-баптары бойынша қылмыстық іс қозғалды. Шығын мемлекет пайдасына өтелді».