Ұлытау облысында суармалы жер көлемі ұлғаяды

Ұлытау облысында суармалы алқап көлемі ұлғаяды.

Себебі өңір шаруалары мал азығының 30 пайызын өзге өңірлерден тасымалДап отыр. Жері құрғақ аймақта жем-шөп қорын дайындау қиын. Сондықтан көп жылдық шөптесін өсімдіктер егу маңызды. Аталған мәселе облыс орталығында өткен дөңгелек үстелде талқыланды. Суарудың жаңаша әдісіне көшкен шаруалар өз тәжірибесімен бөлісті. Ауыл шаруашылығы техникасын сатып алу үшін, мемлекет тарапынан жасалатын қолдау туралы ақпар берілді. Жалпы облыс бойынша мыңнан астам фермер ауыл шаруашылығымен айналысады. Биыл олар мал шаруашылығын дамытуға және көктемгі егіс жұмыстарына 3 млрд теңгеден астам сомаға субсидияланған.

Мұқағали Рамазан, облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының бас маманы:

- Жем-шөпке биыл 1 млрд 400 млн теңге ақша бөлінді. Келесі жылға инвестициялық жобалар көп. Көбінесе біз жем-шөп өндірісін дамытуға бағыттап жатырмыз. Облыстық бюджеттен 500 млн теңге қаражат бөлінді бұл жем-шөп өндірісіне қатысатын техниклаарды және жабдықтарын алуға.